+7 747 770 25 77 | Вход|Регистрация

Жөндеуден қалай үнемдеуге болады? AlinEX кәсіпқойларынан 5 лайфхак

Дата добавления: 11.10.2022 13:10

Просмотров: 1436

Пәтер немесе үй жөндеуге қаражат салу тұрғысынан келесі жұмыс түрлері ең қымбат болып табылады:  

  • пәтерді қайта жоспарлау;
  • санитарлық торапты өңдеу және сантехниканы ауыстыру;
  • еденді, терезені, бөлмеаралық есіктерді және кіреберіс есікті ауыстыру;
  • балконды шынымен қаптау;
  • коммуникацияны ауыстыру.

Жөндеудегі қалған барлық жұмыс жеңіл және жылдам жұмыс түрлері болып саналады. Орташа алғанда, бірінші рет өңдегенде бір бөлмені ақырғы қалпына дейін әрлеу үшін 7 күн қажет, оның ішінде қабырғалармен, едендермен  жұмыс және қабырғаларды сәндік материалдармен әрлеу жұмыстарымен қоса. Бұл ретте құрылыс-әрлеу материалдарына жұмсалатын шығыстар сомасы әдетте барлық жөндеу жұмыстары құнының 30% - ынан артпайтын шаманы құрайды.   

 
   

 

 

 

  1. Пәтер жөндеудегі үнемнің басты принципі: сирек ауыстырылатын нәрсе жақсы жасалуы тиіс. Бұл бірінші жөндеу материалдарына да қатысты: құйылмалы едердерге, ылғалдығы жоғары жайларға арналған гидрооқшаулағышқа, сылаққа. Осы себепті маманнан үнем жасауға болмайды. Ондай жұмыстарды бригадирлер мен шеберлердің тәжірбесі, сонымен қатар құрылыс-әрлеу материалдарының брендін таңдау тұрғысында да кәсіпқойларға сеніп тапсырыңыз. Бренд дайын бетке максималды сертификаттармен расталған кепілдік беруі және олардың сапа бақылау қызметі болуы тиіс. Бұл шеберлердің қателігінен Сіздің қорғанысыңыз.
  2. Уақытты ақылды үнемдеу. Кәсіби материалдар бағасы кейде шошытады. Алайда өндіруші беретін кепілдік мерзімін ескеріп, қайта есептегенде бәрі өз орнына келеді. Ондаған жылдарға қабырғаны тегістеу қажеттігін және еденнің мықтылығына алаңдауды ұмытатыныңызға қазіргі уақытта көп жөндеуші уәде бере алмайды. Тек AlinEX зауытында экстремалды жағдайда тұрған және міне 20 жылға жуық жарылмаған өнімдердің тәжірибелік үлгілері бар. Әр 5 жыл сайын жөндеу жүргізуді таңдап, шығынға кіру жөндеуді аяқтау мүмкін емес деген мақалды тағы бір рет еске салады. Сападан үнемдемеген адам – жөндеуді 20 жылда бір рет жасайды.
  3. Ілеспе қатерлерге жол бермеу. Желімнен үнем жасасаңыз – қымбат плиткаңыз түсіп қалады. Сапалы құйылмалы еденнен үнем жасасаңыз – ламинат қиқыш-ойқыш болып түседі. Кәсіби тәсілдемені алдап, үнем жасаудың кез келген тәсілі шығынға ұшыратады. Сараң екі төлейді. Әрлеу материалы неғұрлым қымбат болса, оның негізіне мұқият көңіл аударған дұрыс.
  4. «Осылай да жарайды» іске аспайды. Көптеген құрылысшылар өнім қаптамасында жазылған кеңестерге құлақ аспайды. Өндіруші ұсынған технологияларды бұзу әрқашан қайта жасау қажеттігіне ұрындырады. Егер Сізде өз құрылысшыларыңыздың керекті жұмыс көлемін орындай алатынына  күмән болса, олар өз эксперименттерімен уақытқа, бюджетке және үйіңізге зиян келтірмей тұрып, өз бригадаңызды оқытып, үйрету үшін AlinEX консультанттарын шақырыңыз.  
  5. Электрондық үнем. Ірі өндірушілердің өз маркетплейстері бар, мысалы Domsad.kz, немесе сыртқы тексерілген алаңдарға орналастырылады. Жеңілдіктер, кэшбектер, акциялар, жеткізу бойынша икемді шарттар – жөндеуге ақылмен кірісетіндер үшін одан үнем жасаудың нақты тәсілдері.

 

 

Мақаланы AlinEX сарапшылары әзірледі

www.alinex.kz

Видео


ТОО “AlmatyMedia”. Алматы 2022. Все права защищены.